10 Қаңтар, 2014

Павлодарда жолға жауапты мекемелер даярлықты күшейтті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 01-PavlodarПавлодар облысында қарлы бұрқасынның басталғанына екінші тәулік болды. Осыған орай коммуналдық сала мекемелері күшейтілген дайындыққа көшті. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Халықаралық маңызы бар жолдар қардан тазартылып, көліктердің жүруіне мүмкіндік жасалды. Әзірге жыл басынан бері жолға қатысты оқыс оқиға тіркелген жоқ. «Қазір жекелеген аймақтарда жел тұрып, оның арты қарлы бұрқасынға ұласуда. Біздің аймақта да осындай жағдайды бастан кешіріп отыр. Жекелеген техникалардың ескіргеніне қарамастан, республикалық маңызы бар 141 шақырым жолдың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алдық», дейді Павлодар облысы бойынша жолдарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Сергей Омаров.

Ауа райын болжайтын мамандар осы аптаның аяғына дейін жекелеген облыстарда бұрқасын болуы ықтимал екенін айтуда. Соның ішінде жоғарыда аталған өңір де бар. Бірақ, осындағы мамандар жолаушылар үшін қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстайтынына сенім білдіріп отыр. Осы ретте дерекке жүгінсек, қыс басталғалы облыс орталығынан 250 мың текше метрден астам қар сыртқа шығарылған екен.

Данияр Түймебай.

Дереккөз: «Хабар» телеарнасы

Фото: «Хабар» телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар