Бүгін, сағат 02:30 ауа райының бұзылуына байланысты Астана-Қостанай тас жолы жабылды. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Оқырмандарды «Қазгидромет» мамандарының дерегімен таныстыра кетуді жөн санадық. Бүгін Астана қаласында аздап қар жауып, боран болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17°C, күндіз -6-8°C болады. Ал 11 қаңтарда елордада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -11-13°C, күндіз -4-6°C болады.
12 қаңтарда синоптиктердің болжамынша күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 7-12 м/с жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -8-10°C, күндіз -3-5°C болады.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: Nur.kz
Фото: Bnews.kz.