Әлем • 22 Шілде, 2021

ДДҰ басшысы – Токиода

15 рет көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Токио Олим­пиадасында коронавирус қаупін то­лы­­ғымен жою мүмкін емес еке­нін және ойын­дардың сәтті өтуін инфекциямен күрес­тің жүр­гізілуіне қарап бағалауға  болатынын жеткізді.

Олимпия ойындарын қауіпсіз өткізуге бола ма деген сұраққа нақты жауап жоқ. Чили Ұлт­тық Олимпиада комитеті вирус жұқтырған таэк­вон­дошының жарысқа қатысудан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл – Жапонияға келгеннен кейін ойын­нан бас тартуға COVID-19 індетін себеп ретінде кел­тірген алғашқы жағдай.

Бір жылға кейінге қалған Олимпия ойындары осы жұмада басталуға тиіс. Ұйымдастыру комитеті қазір­дің өзінде 79 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Токио Олим­пиа­да­сы әлемге COVID-19 пандемиясымен күресте дұ­рыс жос­пар мен тиімді шаралар арқылы неге қол жеткізуге болатынын көрсетуі керек деген пікірде. «Олимпия ойындары әлемді біріктіруге, шабыт­тандыруға және қол жеткізуге болатын мүмкіндікті көрсетеді», деді ол. Олимпиада алауын жоғары ұстап тұрып ДДҰ басшысы осы жерден көрінген үміт сәулесі дені сау, қауіпсіз әлем мен әділ қоғамға бас­тасын деп, Токио Олимпиадасына сәттілік тіледі.  

 Kyodo басылымының хабарлауынша, сәрсенбі күні Токиода 1832 адам індет жұқтырған. Бұл –маусымның ортасынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

 

Соңғы жаңалықтар

Шаманың әні

Өнер • Кеше

Сотталған жырлар

Әдебиет • Кеше

9 ай «толғатқан» 9 пайыз

Экономика • Кеше

Атом көлге сапар

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар