Олимпия ойындарын қауіпсіз өткізуге бола ма деген сұраққа нақты жауап жоқ. Чили Ұлттық Олимпиада комитеті вирус жұқтырған таэквондошының жарысқа қатысудан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл – Жапонияға келгеннен кейін ойыннан бас тартуға COVID-19 індетін себеп ретінде келтірген алғашқы жағдай.
Бір жылға кейінге қалған Олимпия ойындары осы жұмада басталуға тиіс. Ұйымдастыру комитеті қазірдің өзінде 79 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Токио Олимпиадасы әлемге COVID-19 пандемиясымен күресте дұрыс жоспар мен тиімді шаралар арқылы неге қол жеткізуге болатынын көрсетуі керек деген пікірде. «Олимпия ойындары әлемді біріктіруге, шабыттандыруға және қол жеткізуге болатын мүмкіндікті көрсетеді», деді ол. Олимпиада алауын жоғары ұстап тұрып ДДҰ басшысы осы жерден көрінген үміт сәулесі дені сау, қауіпсіз әлем мен әділ қоғамға бастасын деп, Токио Олимпиадасына сәттілік тіледі.
Kyodo басылымының хабарлауынша, сәрсенбі күні Токиода 1832 адам індет жұқтырған. Бұл –маусымның ортасынан бергі ең жоғары көрсеткіш.