Гвинеяның спорт министрі Санусси Бантама Соу Гвинеяның Олимпиада комитетіне елдің төртжылдықтың бас додасына қатыса алмайтыны туралы ресми хат жолдаған. Мұнысын ол Токиода коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығып кетуімен түсіндірген.
«Билік COVID-19-ға байланысты спортшыларымыздың денсаулығын ойлай отырып команда Токиодағы Олимпиада ойындарына қатыспайды деген шешім қабылдады», делінген хатта.
Кейбір деректерге сүйенсек, Гвинеяның Олимпиадаға қатысудан бас тартуының бір себебі – ел билігі спортшылардың Жапонияға барып-келуіне кететін шығындарды өтеуге қауқарсыздық танытып отыр.