Қазіргі уақытта Токиодаға Олимпиада ойындарына қатысы бар 87 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.
Вирустық инфекция жұқтырған екі адам – Олимпиада қалашығы аумағында тұратын шетелдік спортшылар.
Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті 1 шілде күні санаққа кірісті. Жалпы санаққа Жапонияда Олимпиада алдындағы жиындардан өткен спортшылар кірмейді.
Осыған байланысты Олимпиаданың ашылу салтанаты жұма күні кешке карантиндік шектеулерге байланысты жанкүйерлерсіз өтетін болады.