Аймақтар • 22 Шілде, 2021

Түркістан облысында сібір елігін атқан браконьерлер ұсталды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында сібір елігін атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында сібір елігін атқан браконьерлер ұсталды

Қазығұрт АПБ кезекші бөліміне ұлттық табиғи парктен браконьерлік фактісі бойынша хабарлама түскен.

Белгісіз адамдар заңсыз аң аулап, таудан сібір елігін атып алғаны анықталды.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Браконьерлік оқиға туралы дерек алған полиция қызметкерлері бірден табиғи парк аумағына барып, қылмыс орнында күдіктілерді ұстады. Nissan автокөлігін тексеру кезінде коліктің жүксалғышында сібір елігінің кесілген қаңқасы мен 16 калибрлі аңшылық мылтық табылды.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы екі миллион теңгеден асты.

Заңсыз аң аулаған браконьерлер табиғи парк аумағына демалу мақсатында келіп, автокөлікпен тауға шығуды шешкен. Тау шыңында сібір елігін байқап, жабайы жануарды атып алған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.