Ақ үй, Мемлекеттік департамент және АҚШ Конгресі басшылығымен өткен кездесулер барысында күн тәртібіндегі ауқымды мәселелер, соның ішінде кеңейтілген стратегиялық әріптестікті, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары, жаһандық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды.
«С5+1» диалогы шеңберіндегі өңірлік өзара іс-қимылды нығайту мәселелері ерекше назарға алынды.
Америкалық тарап Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан саяси реформаларды жоғары бағалап, олардың іс жүзінде іске асырылуына жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған іс-шараларды өткізу жоспарлары талқыланды.