
Осыдан үш жыл бұрын тасқыннан зардап шеккен Жәнтікейде, Екпін, Ақсуат және Ақжар ауылдарында жаңа балабақшалар есіктерін айқара ашты.
Осыдан үш жыл бұрын тасқыннан зардап шеккен Жәнтікейде, Екпін, Ақсуат және Ақжар ауылдарында жаңа балабақшалар есіктерін айқара ашты.

Сонымен қатар, ауданда ардагерлер орталығы мен тауарлық жұмыртқа шығаратын цех қолданысқа берілді. Жаңа балабақшалар бүлдіршіндерді тәрбиелеуге қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.
Ауданда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асу қарқыны да жақсы. Жәнтікей ауылында тауарлы жұмыртқа өндіретін цехтың ашылуы соның дәлелі. Ауылдың сұранысын толық жабу үшін 500 тауықтың болғаны жеткілікті, дейді жеке кәсіпкер Б.Ожаев. Іскер азамат істің көзін тауып, 2 миллион теңге көлемінде несие алыпты. Енді халықтың алғысына ие болып отыр. Бұл нысандар мемлекет-жекеменшік әріптестігі негізінде жүзеге асты.
Оңдасын ЕЛУБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы.