Мемлекет тарапынан онкологиялық аурулар мәселесіне жіті назар аударылып отыр. Сондықтан ерте диагностикалау бағдарламаларын дамыту жолымен обыр ауруларының профилактикасын жетілдіру қолға алынуда.
Мемлекет тарапынан онкологиялық аурулар мәселесіне жіті назар аударылып отыр. Сондықтан ерте диагностикалау бағдарламаларын дамыту жолымен обыр ауруларының профилактикасын жетілдіру қолға алынуда.
Жақында облыстық онкологиялық диспансерге заманауи компьютерлік томограф орнатылды. 64 кесінділік «Optima-6600» компьютерлік томографының іске қосылу рәсіміне облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты. Облыста бұрын болмаған құрылғы енді онкоауруларды анықтап қана қоймай, сонымен бірге, аурудың алдын алуға да септігін тигізеді. Заманауи аппаратты аталған медициналық мекеме 2 жыл күтіпті.
Сондай-ақ, диспансерде иммуногистохимиялық зертхана ашылып, сүтбезі қатерлі ісігін молекулалық деңгейде зерттеп, тиімді ем қолдануға қол жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, бүгінгі күні онда қызмет ететін 12 маман Алматы қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында 4 айлық курстан өтіп, біліктіліктерін арттырып келген. Сондай-ақ, онкодиспансерде мамандандырылған көмек көрсету мақсатында герцептин, авастин, иресса, тайверб және нексавар атты таргенттік препараттар мен жаңа химиялық емдеу әдістері енгізіліп отыр.
Облыста өткен жылы 5005 адам обыр ауруы бойынша есепке алыныпты.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Тараз.