11 Қаңтар, 2014

Машиналар маршы

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әскерлердің 2014 оқу жылындағы жауынгерлік дайындық жоспарына сәй­кес автокөліктердің үш күндік маршы бас­тал­ды. Бұл жолы автокеруен жасайтын марш­тың ұзақтығы 200 шақырымды құрайды.

Кеше Қазақстан Республикасы Қару­лы Күштері Бас штабы бастығының бірін­ші орынбасары, генерал-майор Рус­лан Әлімов әскери техниканың жорыққа дайындығы және маршты өткізу барысымен танысты.

Жауынгерлік жорыққа 83205-әскери бөлі­мінің 40-қа жуық автотехникасы тар­тылып отыр. Шартты ауданға белгі­ленген уақытта келіп жеткен олар қыс­қа мерзім ішінде жеке құрамның жауын­герлік дайындығы мен тұрмысын қамта­масыз ете алатын барлық қажетті элементтерден тұратын далалық лагерь құрды.

Сонымен қатар, далалық жағдайда төрт модульді штабтық машина сынақтан өткізілді. Бұл жауынгерлік құрылғы Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде әзірге Қазақстанда ғана бар. Кешен Қазақстан әскерінің иелігіне 2012 жылы түскен болатын.

– Жауынгерлік марштарды жасай білу әскерлердің негізгі машықтарының бірі болып табылады. Бүгінгі іс-шараны өткізудегі негізгі тапсырмалардың бірі әскери қызметшілердің әскери техниканы жүргізудегі техникалық машықтарын жетілдіре түсу болып отыр, – деп атап өтті 83205-әскери бөлімінің командирі, полковник Айдар Абдрахман.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар