11 Қаңтар, 2014

Жолға жауапты мекемелер даярлықты күшейтті

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында қарлы бұрқасынның басталғанына екін­ші тәулік болды. Осыған орай коммуналдық сала мекемелері күшейтілген дайындыққа көш­ті.

Павлодар облысында қарлы бұрқасынның басталғанына екін­ші тәулік болды. Осыған орай коммуналдық сала мекемелері күшейтілген дайындыққа көш­ті. Халықаралық маңызы бар жолдар қардан тазартылып, көліктердің жүруіне мүмкіндік жасалды. Әзірге жыл басынан бері жолға қатысты оқыс оқиға тіркелген жоқ. «Қазір жекелеген аймақтарда жел тұрып, оның арты қарлы бұрқасынға ұласуда. Біздің аймақ та осындай жағдайды бас­тан кешіп отыр. Жекелеген техникалардың ескіргеніне қара­мастан, рес­пуб­ликалық маңызы бар 141 шақырым жолдың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алдық», дейді Павлодар облысы бойынша жол­дар­ға қызмет көрсету бөлімінің жетек­шісі Сергей Омаров.

Ауа райын болжайтын мамандар осы аптаның аяғына дейін жекелеген облыстарда бұрқасын болуы ықтимал екенін айтуда. Соның ішінде жоғарыда аталған өңір де бар. Бірақ, осындағы ма­мандар жолаушылар үшін қауіпсіздік шараларын қатаң бақы­лауда ұстайтынына сенім білдіріп отыр.

Данияр ТҮЙМЕБАЙ.

Соңғы жаңалықтар