TOKYO2020 • 23 Шілде, 2021

Токио-2020: Қазақстан ҰОК спортшыларды қолдау мақсатында бейнебаян шығарды

558 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

23 шілде күні, Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты қарсаңында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті олимпиадаға аттанған спортшыларды қолдауға арналған ән мен бейнебаянның тұсаукесерін жасады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Токио-2020: Қазақстан ҰОК спортшыларды  қолдау мақсатында бейнебаян шығарды

«Арнау» әніне арналған бейнебаянға әнші Роза Рымбаева, сазгер Ренат Гайсин, Ninety One тобы, Марсель, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Қарақат Башанова, Диная және Мәди Сыздықов түсті.

«Қазақстандықтардың спорттағы жетістіктері еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылды. Олар шабыттандырады, қуат береді және мыңдаған отандастарымыздың мақтанышына себеп болады. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтетін күні біз спортшыларымызға біз әрдайым қолдайтынымызды, жанкүйерлердің маңызды жарысқта мәре сызығында дайын тұрған спортшылардың әрдайым жанынан табылатынын жеткізгіміз келеді», деді  Ұлттық Олимпиадалық комитеті #teamKZ-тің «Бір ел - бір команда» ұстанымын еске ала отырып.

Әннің негізі ретінде Ренат Гайсин жазған Ұлттық Олимпиадалық комитеттің әнұраны алынды, ал мәтінін Мирас Қалдымұрат жазған.

Әнұранның қайырмасы олимпиадашыларға арнау ретінде айтылады. Одан бөлек, «Арнау» әнін жарыққа шығаруға Әли Оқапов, Батырхан Мәліков, Данияр Құлымшин, Азамат Ашмақын үлес қосты. Ал ән мәтінін Данияр Өтеген, Дулат Мұхаметқалиев және Алексей Маклай жазды.

Видеоклипте әннің негізі мағынасы сақталған. Ал фонда танымал қазақстандық спортшылардың жарқын сәттері бейнеленеді. Атап айтар болсақ, боксшы Василий Левиттің жекпе-жегі, Дмитрий Баландиннің финалдағы жеңісті сәті, дзюдошы Елдос Сметовтің белдесуінен үзінділер, гимнаст Милад Каримидің өнер көрсеткен сәті, спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин мен боксшы Надежда Рябецтің жаттығуы, Александр Винокуровтың Олимпиададағы жеңісі мен Бекзат Саттархановты марапаттау сәті көрініс тапқан.

Музыкалық туынды мен бейнебаян қазақстандық спорттың даңқын одан әрі асырып, Токио Олимпиадасынан тыс кездерде де қолданылады. Бұл ел спортының өткені мен бүгіні және үмітке толы  болашағына қатысты туынды.

23 шілде күні 2020 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті жанкүйерлерді отандық спортшыларды ең соңына дейін қолдауға шақырды. 

Соңғы жаңалықтар