Қоғам • 11 Қаңтар, 2014

«Мыңжылдықтың проблемасын» шешті

454 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оны жүзеге асырған қазақтың айтулы ғалымы, академик Мұхтарбай Өтелбаев

Елордадағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев «Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы» атты еңбегін аяқтап, оны ғылыми басылымда жариялады. Онда ғалымның алтыншы математикалық «мыңжылдықтар проблемасының» екінші есебін шешкені жан-жақты дәйектелген.

Бұл еңбектің маңыздылығы, аталмыш мәселе «мыңжылдықтың проблемасы» делініп келген ең күрделі 7 математикалық есептердің қатарына енгендігінде жатыр. Атап өтетін жайт, осы проблемалардың әрқайсысын шешуде Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын бәйгеге тіккен болатын. Қазіргі таңда мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана (гипотеза Пуанкаре) шешімін тапқан. Оның иесі – Григорий Перельман еді. Ол осы жаңалық үшін Филдсовский сыйлығына ие болған.

Мұхтарбай Өтелбаевтың толық мақаласы «Математика журналының» 2013 жылғы №4 санында (http://www.math.kz/index.php/ru/) жарық көрді. Еске сала кетейік, автордың ғылыми қызығушылық саласына функционалдық анализ және оның қолданыстары, дифференциалдық операторлардың спектрлік және функционалдық кеңістік теориясы, есептеу математикасы, шекаралық есептердің жалпы теориясы кіреді.

Академик – 2002-2003 пен 2004-2005 жылдары «Алтын адам» байқауында «Ғылым» номинациясы бойынша «Жыл адамы», «Жылдың ғылыми қайраткері» атақтарын иеленген. Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның да, сонымен бірге, «Ғылым мен технологиялар» номинациясы бойынша Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Отанымыздың ең жоғары атағы саналатын ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының да лауреаты.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар