Жылыой ауданында 86, Индерде – 23, Исатайда – 23, Құрманғазыда – 19, Махамбетте – 19, Қызылқоғада – 6, Мақат ауданында 6 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылды.
«Қазір үйінде емделу үшін 2848 адам оқшауланды. Аудандардағы инфекциялық стационарларда 295, ал, №2 облыстық ауруханада 207, модульдік ауруханада 197, кардиологиялық орталықта 110, теміржол ауруханасында 108, фтизиопульманологиялық орталықта 100 науқас емделіп жатыр. Теңіз кен орындағы стационарда жатқан пациенттердің саны 165 адамға жетті», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.