Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының Үкіметтің 2013 жылғы 11 қазандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев хабарлағандай, 2013 жылы Іс-шаралар жоспарының белгіленген барлық пункттері мерзімінде орындалған. Ол сондай-ақ, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасаудың кешенді жоспарын толықтыру жөнінде хабарлап, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді одан әрі шектеу, жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде кәсіпорындар мен нысандар санын ұлғайту, мемлекет-жекеменшік әріптестігі жобаларына даму институттарының, зейнетақы қорларының, қаржы ұйымдарының қаржыларын тарту мәселелері бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
Сол сияқты кеңесте жүзеге асырылған іс-шаралар бойынша мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды.
Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары сапалы және уақытында орындалуы тиіс. Бұл жерде формальдылыққа жол беруге болмайды. Сондықтан әрбір мемлекеттік орган, әрбір басшы барлық тапсырмалардың жүзеге асу тетіктерін тағы бір рет қарап шығуы керек. Біз бұл мәселелерді тұрақты негізде қарап тұруды одан әрі де жалғастыра беретін боламыз, деп түйіндеді сөзін С.Ахметов.