Аймақтар • 23 Шілде, 2021

Атырауда жігітінен ақша бопсалаған бойжеткен ұсталды

708 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы полицияға 18 жастағы жігіт бопсалау дерегіне қатысты шағым түсірген, деп жазады Egemen.kz.

Атырауда жігітінен ақша бопсалаған бойжеткен ұсталды

«Атырау қаласында 21 жастағы бойжеткен бірнеше рет өзінен екі жас кіші азаматтан ақша бопсалаған. Бойжеткен жігіттен 2 млн теңге алған. Кейін одан 1 млн 540 мың теңгені талап еткен. Жас жігіт полицияға хабарласып, көмек сұрады. Оның айтуынша, азаматша оны «зорлау» дерегімен үстіңнен қылмыстық іс қозғатамын деп қорқытып келген. Алайда жас жігіт жыныстық қатынас екі жақты келісіммен болды деп ақталған. Екеуі әріптес болған. Ол өзін бопсалау жолымен ақша талап етіп жүрген бойжеткенді Шымкент қаласында тұратын ата-анасымен таныстырған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдікті бойжеткенді шымкенттік азаматтан 500 мың теңге көлемінде ақша алып жатқан кезде ұстады. Тексеру кезінде азаматшаның деструктивті діни ағым өкілі екені анықталды.

Қазір 2000 жылы туған бойжеткенге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.