Коронавирус • 24 Шілде, 2021

Еуроодақ жасөспірімдерге арналған жаңа вакцинаны мақұлдады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропалық дәрілік заттар агенттігі Moderna компаниясынан 12-17 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға арналған «Spikevax» препаратын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігіне сілтеме жасап.

Еуроодақ жасөспірімдерге арналған жаңа вакцинаны мақұлдады

12 мен 17 жас аралығындағы балаларда «Spikevax» вакцинасын қолдану 18 жастан асқан адамдармен бірдей болады. Препарат төрт апта аралықпен иыққа екі инъекция арқылы енгізіледі.

«Spikevax» тиімділігін зерттеуге 12 жастан 17 жасқа дейінгі 3732 бала қатысты. Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі ұсынған ақпаратта препарат 12-17 жас аралығындағы балаларда 18-25 жас аралығындағы жастарда (SARS-CoV-2-ге қарсы антиденелер деңгейі бойынша) байқалған реакциямен салыстырмалы антидене реакциясын тудырды деп көрсетілген.

Вакцина алған 2163 балада COVID-19 дамымаған. Бұл нәтижелерге сәйкес 12-17 жас аралығындағы балалардағы «Spikevax» тиімділігі ересектерге арналған вакцинаға ұқсас деген қорытынды жасауға болады.

Бұған дейін еуропалық реттеуші америкалық Pfizer компаниясының 12-17 жастағы балаларға арналған вакцинасын мақұлдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20