Президент • 24 Шілде, 2021

Президент Денсаулық сақтау министрінің есебін тыңдады

37 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі өз есебінде қазіргі эпидемиологиялық жағдай, екпе егу жұмыстарының барысы және елімізге вакцина жеткізу жөніндегі уағдаластықтар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерде карантин шараларының күшейтілгені, жұқпалы аурулар стационарлары мен жан сақтау бөлімдерінде ем қабылдап жатқан науқастар саны, дәрі-дәрмектер мен басқа да қажетті жабдықтар қоры, вакцина салу қарқыны баяу өңірлерге көрсетіліп жатқан әдістемелік көмек жайында мәлімет берілді.

Алексей Цойдың айтуынша, маусым айындағы жағдаймен салыстырғанда шілденің соңғы екі аптасында індет жұқтырғандардың саны 4,8 есеге көбейген. Күнделікті жүргізілген мониторинг бойынша, 24 шілдедегі мәліметке сәйкес, жұқпалы аурулар бөлімдерінің 51 пайызында, жан сақтау бөлімдерінің 41 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр. Вирус жұқтырғандар санының көбеюіне және денсаулық сақтау жүйесіне түскен салмақтың артуына байланысты шілде айында қосымша 10 мың төсек-орын әзірленді. Қазіргі уақытта 21,4 мыңға жуық орын резервте тұр.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Президентке әлемде коронавирус індетінің жаңа «Лямбда» штамының пайда болуы мен таралуы туралы айтты.

Бұл вирус алғаш рет 2020 жылғы желтоқсанда Перуде тіркелген. Бүгінде індеттің осы түрін 30 мемлекетте, негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық адам жұқтырған.

Есеп барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, жаппай екпе салу қарқынын арттыруды, науқастарға уақытылы медициналық көмек көрсету жұмыстарын, соның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемді сапалы ұйымдастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Чилидің Шолпан жұлдызы

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2021

Паспорт

Руханият • 20 Қыркүйек, 2021

Өмірге іңкәр, өнерге құштар

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2021

Жеке пьеса жазуға лайық

Руханият • 20 Қыркүйек, 2021

Қарабатанға пропан жеткізбек

Экономика • 20 Қыркүйек, 2021

Ана мейірімі

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2021

СҚО-да тұқым өндіретін зауыт салынуда

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

Ақтөбеде жол апатынан сәби көз жұмды

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

Алматыда қанша адам үй кезегінде тұр?

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2021

Ертең Үкімет отырысы өтеді

Үкімет • 20 Қыркүйек, 2021

Доллар арзандады

Қаржы • 20 Қыркүйек, 2021

Ұқсас жаңалықтар