11 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1398

314 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2013 жылғы 25 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулы қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 1398 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тексеруді жүргізу ережесі мен тексеру жүргізуге құқығы бар адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 маусымдағы № 723 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 241-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 мамырдағы №858 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық рейстердің жолаушыларына қызмет көрсетуді жақсарту жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі №1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 383-құжат).
4. «Қазақстан Республикасында азаматтық және мемлекеттік авиацияның бірлесіп орналасу әуеайлақтарын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1439 қаулысы.
5. «Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 маусымдағы №695 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 20, 210-құжат).
6. «Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 тамыздағы № 896 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 27, 295-құжат).
7. «Авиация техникасьш, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүліктік жалға, лизингке, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рүқсаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қазандағы № 1133қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 36, 380-құжат).
8. «Әуеайлақтар мен әуежайларды тарату немесе көшіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1167 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 38, 394-құжат).
9. «Кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандағы авиакомпаниялар орындайтын авиациялық жұмыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 шілдедегі №645 қаулысы.
10. «Азаматтық және эксперименттік авиация әуеайлақтарын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы №1329 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №49, 630-құжат).
11. «Азаматтық, эксперименттік және мемлекеттік авиацияның авиация персоналы лауазымдарының тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы №524 қаулысы (Қазақстан Републикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №22, 276-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы №524 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 сәуірдегі №291 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №14, 130-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 маусымдағы №723 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 шілдедегі №717 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №27, 296-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы №613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №39, 342-құжат).

Соңғы жаңалықтар