Қазақстан • 24 Шілде, 2021

ҚР Ұлттық ұланының 200-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Көкшетауда 5510 әскери бөлімінің плацында жас буынның әскери антты салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық ұланының 200-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады

Жыл сайын Қазақстанның әр өңірінен Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің қатарына жас жігіттер Отан алдындағы қасиетті борыштарын орындауға шақырылады.

Әскери антты 200-ден астам жас жауынгер қабылдады. Қолданыстағы карантиндік шараларға байланысты әскери ант беру сарбаздардың туыстары мен жақындарының қатысуынсыз онлайн-режимде жүргізілді.

Жас жауынгерлерді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсрәлімова құттықтады.

«Биылғы жылы барлық іс-шаралар еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетіні белгілі. Мерейтойлы жылдың тағы бір жарқын шарасы - біздің жастарымыздың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына кіру салтанаты болды. Тәуелсіздік жылдарында ҚР Қарулы Күштері күрделі жолдан өтіп, өз әлеуетін айтарлықтай күшейтті. Түрлі өзгерістерге ұшырап, біздің мықты әрі жинақы армиямыз бүгінде мемлекетті сыртқы қатерлерден қорғаудың, ел егемендігін сақтаудың кепіліне айналды.  Отан қорғаушылардың жас ұрпағы Отанға адал қызмет етіп, әскери жарғыларды лайықты орындау арқылы Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау қызметін мақтанышпен атқарасыздар деп үміттенеміз», деді өзінің құттықтау сөзінде Айна Мүсралимова.

Іс-шара аяқталғаннан кейін жас жауынгерлер салтанатты маршпен өтіп, саптық даярлық элементтері мен қоян-қолтық ұрыс тәсілдері бойынша көрсетілімдерді көрсетті.