Президент • 24 Шілде, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда-ға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы жағдайды негізге ала отырып, оның Орталық Азия аймағының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тигізетін әсерін талқылады.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан табысты дамуын қамтамасыз ету мақсатында екі мемлекеттің және өңірдегі өзге де елдердің үйлесімді іс-қимылдарының маңыздылығы атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қыркүйек айында Владивостокта өтетін Шығыс экономикалық форумының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді.