Сайлау • 26 Шілде, 2021

Азаматтардың белсенділігі айқын аңғарылды

422 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елімізде алғаш рет өткізілген ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқанында Жамбыл облысынан 38 ауылдық округ бойынша 122 кандидат ұсынылып, оның ішінде 116 үміткер тіркелген. Сондай-ақ әкімдер сайлауына түсуге өтініш білдіргендердің 20 пайызын әйел азаматтар құрап отыр.

Азаматтардың белсенділігі айқын аңғарылды

Т.Рысқұлов ауданының Абай, Тереңөзек, Жаңатұрмыс, Қорағаты, Қарақыстақ, Ақыр­төбе, Қайыңды және Өрнек ауылдық округтерінде 16 сай­лау учаскесі жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде, ауданда 8 ауылдық округ әкімін сайлауға ауыл тұрғындары белсене қатыс­ты. Мәселен, Қарақыстақ ауы­лының тұрғыны, кәмелет жасына биыл толған Шәкәрім Әбді­мәлікұлы алғаш рет №349 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ Жаңатұрмыс ауылының 98 жастағы тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Шал­дан­бай Шаңбаев өз таң­дауын жасаумен қатар, үміт­керлерге ақ батасын да берді.

Жалпы, сайлауда Т.Рысқұ­лов ауданы бойынша әр ауыл­дық округтен 3 кандидаттан, барлығы 24 кандидат бақ сынады. Оның ішінде 9 кандидат өзін өзі ұсыну жолымен сайлауға түссе, 7 кандидат Nur Otan партиясынан және 8 кандидат «Ақ жол» партия­сынан ұсынылған. Бұл сайлау науқанына 60 сенімді өкіл тіркелген. Байқаушылар да жұмыс істеді. Жаңатұрмыс ауыл­дық округіндегі №351 сайлау учаскесінің партиялық емес байқаушысы Феруза Ақ­бұзауова сайлаудың жоғары деңгейде өтіп жатқанын, дауыс беруге халықтың белсенді түр­де қатысқанын айтты.

Жамбыл ауданының Аса, Ақбастау, Ерназар, Жамбыл және Қаратөбе ауылдық округ­терінде әкім сайлауы болды. Аудан бойынша аумақтық сайлау комиссиясына барлығы 21 кандидат құжаттарын өткізген. Оның ішінде Nur Otan партия­сынан – 4, «Адал» партиясынан – 1, «Ауыл» партиясынан –1, «Ақ жол» партиясынан – 2, Қазақ­стан халық партиясынан 3 азамат ұсынылған және 10 кандидат өзін өзі ұсынған. Нәтижесінде, 15 кандидат тір­келген. Оларға сенімді өкіл мен байқаушы болуға 44 азамат өті­ніш білдірген. Ол азаматтар аумақтық сайлау комиссиясынан тиісті куәліктерін алған. Сенімді өкіл ретінде тіркелген 44 азаматтың барлығы да вакцина салдырған.

«Сайлау кезінде дауыс берушілердің белсенділігі жоғары болды. Мұнда 2953 сайлаушы бар. Қаратөбе ауыл­дық округіне үш елді ме­кен қарайды. Саяси нау­қан кезінде 6 бақылаушы жұ­мыс атқаруда. Сайлау өз дең­гейінде, қалыпты жағдайда өтуде. Түрлі жағдайларға бай­ла­ныс­ты 30 адам үйінен дауыс­ беруге өтініш білдірген», дей­ді Жамбыл ауданы Қара­төбе ауылдық округінің Бек­төбе елді мекеніндегі №162 сай­лау учаскесінің тәуел­сіз бай­қаушысы Раушан Төлен­диева.

Байзақ ауданында Сары­кемер, Ынтымақ және Көктал ауылдық округтерінде сайлау өткізілді. Сайлау учаскелері тиісті кеңсе тауарларымен, жиһаздармен, телефон және интернет байланысымен, тактильді жолақтармен және өзге де қажеттіліктермен қам­тамасыз етілген. Сайлау өтетін орындар толықтай бейнекамералармен жабдықталған. Сондай-ақ аудандағы барлық сайлау учаскесі санитарлық талапқа сәйкестендірілген.

«Ауыл әкімдерін сайлау Сарыкемер ауылында өз дең­гейінде өтуде. Ауыл тұр­ғындары өз таңдауын лайықты жасайды деп сенеміз. Бұл бас­тама­ға халықтың көзқарасы жақ­сы», дейді Сарыкемер ауы­лын­дағы №126 сайлау учас­кесінің байқаушысы Амангелді Тілепов.

Ал Талас ауданында Бос­тандық, Аққұм, Ойық және Қызыләуіт ауылдық округтері бойынша сайлау өтті. Саяси науқан кезінде саяси партиялар да белсенділік танытты. Мәселен, Nur Otan партиясынан – 3, Қазақстан халық партиясынан – 3, «Ақ жол» партия­сынан 2 үміткер ұсынылса, 4 адам өзін өзі ұсынған. Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам­нан айналды. Жалпы, аудан бойынша 12 кандидат тіркел­ген.

Сонымен қатар Шу ауда­нындағы Өндіріс, Қора­ғаты, Жаңақоғам ауылдық округ­терінде 4 сайлау учаскесі жұ­мыс істеді. Ауданда ауылдық округ­тердің әкімдігіне 9 үміт­кер ұсынылған. Бұл сайлау науқанына 30 адам сенімді өкіл ретінде тіркелген. Сол сияқ­ты, облыстың өзге де аудан­дарында да саяси науқан өз деңгейінде өтті.

 

Жамбыл облысы