Сайлау • 26 Шілде, 2021

Ауылдықтар оң өзгерістер күтеді

245 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біздің облыста 44 ауылдық деңгейдегі әкімнің тікелей сайлауы 130 елді мекенде өтті. Үміткер болып 168 адам ұсынылды. Олардың 59-ын саяси партиялар ұсынса, 109-ы – өзін өзі ұсынғандар

Ауылдықтар оң өзгерістер күтеді

– Ауыл әкімдерін сайлау күні 140 сайлау комиссиясы жұ­мыс  жүргізді. Оның 14-і – аумақ­тық, 126-сы – учаскелік. Сайлау­шылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат сағат 10.00-нан кешкі 20.00-дейін аумақтық сайлау комиссиясының  интернет парақ­шаларында орналастырылады, – деді  брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Аманжолова.

Оның айтуынша, сайлау ал­дындағы үгіт кезеңінде об­лыстық, аумақтық комиссия­ларға, соттарға кан­дидаттарының құқық­тарына қы­сым жасау жөнін­де ешқандай шағым түспеген.

Індеттің таралуының алдын алу үшін дауыс беруге келген  тұр­ғындар арасында әлеуметтік қашық­тықты сақтау қадағаланды. 

 Байқаушылар республикалық «Партиялық емес бақылау» қо­ғам­дық ұйымының филиалында дайындықтан өткен.

 Сағат 12-дегі жағдай бойынша өз дауыстарын берген сайлаушылар саны 50 пайызға жуықтаған. Соның ішінде Екібастұз, Ақ­су қала­ларының ауылдық аумақ­тарында  сайлаушылардың 50 пайызға жуығы, ал Ертіс ауданында тұрғындардың 65 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Кенжекөл ауылындағы №50 сайлау учаскесінде ауыл әкім­дігінен үміткер 5 адам тіркелген екен. Оның  үшеуі  – саяси партия­лардың атынан,  екеуі –  өзін өзі ұсынғандар. 

– Қандай әкім келсе де дұрыс жұмыс керек. Облыс орталығына жақын тұрған Кенжекөл ауылы үшін, біріншіден, қоғамдық көліктердің аздығы – үлкен мәсе­ле. Екіншіден, бір ғана Вeeline мұ­нарасы бар, байланыс дұ­рыс ұстамайды. Үшіншіден, кей­бір тұрғындар қаражаттың тапшы­лығына байланысты су құбырын үйге дейін кіргізе алмай отыр, – дейді зейнеткер  Ерғазы Макин. 

 

Павлодар облысы