Әлем • 26 Шілде, 2021

Француздар екпе алуды міндеттеуге қарсы

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның кө­­ше­леріне шық­қан мыңдаған адам ме­­ди­циналық тек­серуді ұзар­­туға және кей­бір мамандықтар үшін мін­детті вак­­цина­лауға қарсы екендіктерін біл­діріп, нара­зылық акциясын ұйымдастырды.

Француздар екпе алуды міндеттеуге қарсы

 

Халық үкіметтің мейрамханаларға, барларға және басқа да мәдени және демалыс орындарына кіру үшін медициналық тексеруден міндетті түрде өту туралы шешіміне қарсылық білдірді.

Медициналық тексеру арқылы азаматтың толық вакциналанғаны, 24 сағат ішінде коронавирусқа қатысты сараптамасы оң нәтиже бермегені немесе алдыңғы алты айда COVID-пен ауырып, емделгені туралы ақпарат жазылған анықтама беріледі. Бұл талапты өткен аптада президент Эммануэль Макрон халықтың екпе алуын жеделдету мақсатында енгізген. Өйткені үкімет вирустың таралуына тосқауыл қоя алмай отыр.

Осы уақытта Лондонда да жүздеген адам вакцина алғандарға паспорт беру жоспарларына наразылық білдіріп, қала орталығындағы митинг­ке шықты.

ELABE BFMTV 13 шілдеде сауалдама жүргізіп, француздардың басым көпшілігі (76%) президент Эммануэль Ма­крон­­ның вак­циналауды медицина қыз­меткерлері, өрт сөндірушілер, қарт адамдармен жұмыс істей­тін­дер мен тағы бірнеше мамандық иелері үшін міндетті ету, ал екпе алма­ған жағдайда айып­пұл салу туралы шешімін қолда­майтынын хабар­лады.

Наразылыққа шыққандар мұны алып тастауды талап етті.

Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран Le Parisien оқыр­мандарына індеттен құтылудың жолы осы деген мәлімдеме жасады.

Францияның ондаған қаласы мен елді мекенінде митингілер өтіп жатыр. Атап айтар болсақ, Валанста, Лионда, Осерде, Бург-Ан-Бресте, Гренобльде халық жаппай акциялар ұйым­дастыруда.