Осы күндері теннистен 13-26 қаңтар күндері өтетін «Үлкен дулыға» турнирінің Австралия ашық чемпионатына іріктеу кездесулері өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл сыннан біздің Зарина Диас та сүрінбей өтті. Ол Australian Open турнирінің квалификациясында канадалық теннисші Стефани Дубойспен кездесіп, оны 7:5 және 6:3 есебімен ұтты.
Қазір Заринаның негізгі сеткадағы орны әлі белгіленбепті. Оның енді кіммен тағы кездесетіні кейінірек белгілі болады. Биылғы маусым Зарина үшін жақсы басталды.Тіл-көзіміз тасқа, теннисші қызымыз бізді әлі де қуантады деп ойлаймыз. Заринаның канадалық қарсыласымен кездесуін мына жерден көрулеріңізге болады. http://www.ausopen.com/en_AU/scores/stats/day4/12304ms.html
Дастан Кенжалин.
Дереккөз:http://www.ausopen.com