11 Қаңтар, 2014

Алматы облысында өз қызы мен оның құрбысын зорлаған педофил сотталды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 01-sotАлматы облысында өз қызы мен оның құрбысын 6 жасынан зорлап келген кәсіпкер-педофил сотталды. Бұл туралы «31 арна» хабарлады.

Қапшағайдағы демалыс орындарының бірінде кәсібін дөңгелетіп отырған бизнесмен қаршадай қос қызға 8 жыл бойы қорлық көрсетіп келген. Сорақысы сол, қазір 14 жасқа келген қыздардың бірінің анасы, кәсіпкер-педофилдің азаматтық некедегі әйелі болып шықты.

Сонымен, қапшағайлықтарды дүрліктірген бұл қылмыстық іс 2006 жылдан осы күнге дейін жалғасып келген. Педофилдің  азаматтық некедегі әйелінің қызына 6 жасынан бастап қорлық көрсетіп келгені мәлім болды. Қаршадай қызды «анаңа айтсаң өлтіремін» деп қорқытып, арам ойын іске асырған. Бұл келеңсіздікті прокурорлар кезекті рейд барысында анықтады.

Қапшағай қалалық прокуратурасы қозғаған қылмыстық іс сотқа жеткізіліп, сот өз қызы мен оның құрбысын 8 жыл бойы зорлап келген қылмыскерге 18 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза кесті. Енді ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейтін болады.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «31 арна»

Фото: Kursiv.kz.

Соңғы жаңалықтар