Қарағанды облысының тұрғыны «Супер бинго» лотереясынан 1х100000 рекордтық коэффициентімен 10 млн.теңге ұтып алды. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Елдегі кезекті миллионер 30 желтоқсан күні өткен ойынның 518-ші тиражында анықталды. Онда біраз сан сәйкес келген. Нақты айтқанда, ойында қарастырылған 10 санның барлығы да түскен.
Сайтта жазылғандай, ойыншы ең минималды 100 теңгелік ставкамен ойнаған.Егер, ол сол кезде максималды 1 000 теңге ставка қойғанда, 100 млн.теңге ұтуы мүмкін еді.
Данияр Түймебай.
Дереккөз: Nur.kz
Фото: Nur.kz.