Экономика • 26 Шілде, 2021

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін көтерді

Мөлшерлемені көтерудегі басты себеп - инфляцияның өсуіне жол бермеу. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.

«Ұлттық банктің негізгі міндеті – елдегі баға тұрақтылығын сақтау және біздің басты құралымыз – базалық мөлшерлеме. Оны көтеру – маусым айында 7,9% рекордтық көрсеткішке жеткен қазіргі инфляцияның қарқын алуына орай қабылданған қисынды жауап болды дер едім және инфляцияны 2022 жылы 4-6%-дық мақсатты диапазонға дейін төмендету қажеттілігі болды», деді А.Баймағамбетов.

Оның айтуынша, инфляцияның өсуі жергілікті құбылыс. Соңғы айларда аса жоғары инфляцияның ықпалы бүкіл әлем бойынша сезілді.

«Қазақстандағы инфляцияның өсуі уақытша, сондай-ақ орнықты ішкі және сыртқы факторлардың теріс ықпалынан туындады. Осы жағдайда Ұлттық банк инфляция қысымын төмендету үшін базалық мөлшерлемені көтерді», деп түсіндірді ол.