11 Қаңтар, 2014

Жамбыл облысындағы арақ зауытына би ұжымы наразылық білдірді

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 01-ZhambilЖамбыл облысындағы арақ зауыты ұлттық құндылықтарымызды аяқ асты етті. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

«Қара жорға» деп аталған арақтың сыртында Ақтөбе облысындағы би ұжымының бірнеше бишісі бұрала би билеп тұр. Нақтырақ айтар болсақ, осыдан 3 жыл бұрын би ұжымы фотосессияға түскен екен. Іле бұл сурет жергілікті басылым бетінде жарық көреді. Ал Жамбыл облысынан шығатын арақтың сыртына осы суретті жапсыруға кімнің рұқсат бергені беймәлім күйінде қалып отыр.

«Әлия гүлі» халықтық би ансамблінің 35 жылдық тарихы бар. Жоғары деңгейдегі өнер жарыстарының жүлдегері. Өрімдей биші қыздарды ащы судың сыртына жапсыру өнерге деген қастандық дейді би ұжымының көркемдік жетекшісі. Босаған шөлмекпен бірге қазақтың биі қоқыста жата ма деп қорқады. Арақты шығарған компанияның өкілдері болса, әлгі суреттің қайдан алынғанын дөп басып айта алмады .

«Мен жарнамаға қарсы емеспін. Бірақ, ол адамдарды ізгілікке үндеуге, қазақ өнерін өркендетуге бағытталуы тиіс. Ал би арқылы ащы суды жарнамалаған қисынға келмейді», - деді «Әлия гүлі» халықтық би ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Айнабекова.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: «24 kz».

Соңғы жаңалықтар