Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 420 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Атырау қаласында қауіпті вирусты жұқтырудың 268 жағдайы тіркелген. Теңіз кен орнында 39, Жылыой ауданында 50, Қызылқоғада – 17, Құрманғазыда – 14, Индерде – 12, Исатайда – 9, Мақатта – 6, Махамбет ауданында 5 адамнан коронавирус белгісі анықталып отыр.
«Қазір 3 443 адам үй жағдайында емделуге оқшауланды. Аудандардағы инфекциялық стационарларда 361, Теңіз кен орнындағы стационарда 218, ал, №2 облыстық ауруханада 205, модульдік ауруханада 196, темір жол ауруханасында 109, кардологиялық орталықта 103, фтизиопульмонология орталығында 98 науқас емделіп жатыр. Сондай-ақ, резервтегі жатақханаға 17 пациент орналастырылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.