
Ауғанстанда АҚШ әскери қызметкерлері абайсызда төрт жасар баланы атып өлтірді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Оқиға Халықаралық күштердің Гильменд қаласында жүргізген арнайы операциясы кезінде орын алған. Оның мән-жайы баяндалмады.
«Біз келешекте мұндай жағдайды болдырмау үшін Ауғанстанның қауіпсіздігіне көмек көрсететін Халықаралық күштерден ауылдар мен қарапайым азаматтардың үйлерінде қарулы рейд жүргізулерін тоқтатуды талап еттік», – деді ауған президентінің баспасөз хатшысы Аймаль Фаизи.
БҰҰ миссиясының баяндамасына сәйкес, Ауғанстанға көмек көрсету бағдарламасы аясында әскерилердің жүргізген арнайы операциялары салдарынан 2013 жылдың бірінші жартысында ғана 146 бейбіт тұрғын қаза болған. Олардың көбісі әйелдер мен балаларекен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com
Фото: Itar-tass.com