
Какао майын алмастырушы қоспа шоколадтың жоғары температурада ерімеуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы Segodnya.ua хабарлады.
Жаңа қоспа манго дәндерінің майы мен пальма балауызынан алынады. Ол шоколадқа жоғары температурада ерімеуге мүмкіндік беріп, оның тропикалық елдердегі өтімділігін арттырады деп күтілуде.
Малайзия ғалымдары аталмыш қоспаның шоколадқа 37,5 градусқа дейінгі температурада ерімей, өз қалпында сақталып тұруына мүмкіндік беретінін анықтады. Ал какао майының еритін орташа температурасы 34 градусты құрайды екен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Segodnya.ua
Фото: Segodnya.ua