12 Қаңтар, 2014

Киевте оппозиция мен тәртіп сақшылары тағы да қақтығысты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 01 - Ukraina kaktigis 1

Кеше Киевте оппозиция өкілдері мен арнайы қызмет сарбаздары арасында кезекті қақтығыс болып өтті. Соның салдарынан Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

«Түнде Киевтегі Святоша аудандық ішкі бөлімі жанында «Бүркіт» жауынгерлерінің оппозиция белсенділерімен қақтығысы салдарынан «Үшінші Украина республикасы» қозғалысының лидері, Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Луценко зардап шекті», – делінген хабарламада.

Хабарланғандай, оппозицияның Киев-Сиятоша сотында мәлімдеуінше, белсенділер наразылығын «Бүркіт» жауынгерлерінің шерушілерді қуу үшін күш қолданғандары туғызған. 10 қаңтарда Киев-Сиятоша сотында 2011 жылы Ленин ескерткішін қиратуға дайындау жөніндегі «Васильков істері» деп аталатын іс бойынша үкім шығарылған. Онда үш фигуранттың әрбірі 6 жылға сотталған.

12 01 - Ukraina kaktigis 2

Түнгі қарсылық акциясы барысында Юрий Луценко (суретте) шерушілер мен милиционерлердің арасында тұруға әрекет етті. Алайда, «Бүркіт» сарбаздары оның өзін де соққы жығып тастады. Бұл бұрынғы министрдің басынан үш жерден гематома алуына, басының жарылуына, сөйтіп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шығуына апарып соқтырды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Lite.rein.ru, Rus.ruvr.ru

Соңғы жаңалықтар