Саясат • 27 Шілде, 2021

Өңірлердегі ахуал – депутаттар назарында

17 рет көрсетілді

Жоғарғы Палата депутаттары облыстардағы тұрғындармен кездесулерін жалғастырып, өздері атқарған жұмыс туралы, соның ішінде халық көтерген өзекті мәселелердің қалай шешіліп жатқандығы жайлы баяндады, деп хабарлады Сенат пен Мәжілістің баспасөз қызметтері.

Сенат депутаты Ғұмар Дүй­сем­баев Атырау облысының Иса­тай және Құрманғазы аудан­дар­ы­­­ның тұрғындарымен кез­десті. Сена­тор ауыл тұрғын­дары­­на Палата қызметінің қоры­тын­ды­лары туралы айтып, өткен се­ссия барысында қабылданған заң­­дардағы негіз­гі жаңалықтар тура­лы жан-жақ­ты хабардар етті. Ол сондай-ақ осы уақыт ішін­де Үкімет басшы­сы­ның атына бірнеше депутаттық сауал жол­дағанын атап өтті. Олар Атырау облысының тұрғындары көтер­ген проб­лемалық мәселелерге арналған болатын.

Сенатордың биылғы мамыр айында өңірге сапары барысында Қызылүй және Жасқайрат ауылдарының тұрғындары газ құ­­бырын тарту мәселелерін айт­­қан еді. Ғұмар Дүйсембаев осы мәселені шешуге атсалысқанын атап өтті. Соның нәтижесінде қазір­гі кезде қажетті қаржы бөлі­ніп, тиісті рәсімдер өткізілді. Жүз­­десу кезінде мемлекеттік мен­­шіктегі Нарын су арнасын күр­делі жөндеу мәселесі де талқы­лан­ды. Бұл су арнасы 4 елді мекен тұр­ғындарының малы жайылатын жайылым алқабын сумен қамтамасыз етеді.

Құрманғазы ауданының Асан, Азғыр, Балқұдық және Сүйіндік ауылдарында мемлекеттік шекарадан жеңілдетілген тәртіппен өту шарттарын жақсартуға қатыс­ты сұрақтар сенаторға көбі­рек қойылды. Қазір өңір тұрғын­дары шекараны шектеулі уақыт­та тек жеке автокөлікпен және 30 ки­лограмм жүкпен ғана кесіп өте алады. Сенатор бұл мәсе­ле Қазақстан мен Ресейдің Сырт­қы істер министрліктері дең­ге­йінде ғана емес, екі елдің Үкі­мет басшылары тарапынан да қара­лып жатқанын атап өтті. Ғұмар Дүйсембаев, сондай-ақ бұл мә­селе Қазақстан Парламенті Сенаты­ның және Ресей Федера­циясы Кеңесі Федералдық Жина­лы­сының Төрағалары мен депутат­тары­ның кездесулері кезінде де көтерілгенін еске салды.

Ауыл тұрғындары көтерген тағы бір мәселе – жолдардың сапасына қатысты болды. Сенатор мәселені жергілікті жерде зерде­леу үшін жол мамандарымен, мердігер ұйымдардың өкіл­дерімен бірқатар кездесу өткізіп, «Атырау-Астрахань» автомобиль жолының құрылыс барысымен танысты. Депутат жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы жоғары болуы маңызды екеніне мердігер ұйымдардың назарын аударды.

Сенатор ауыл тұрғындарымен, қоғамдық ұйымдардың өкіл­дерімен, сондай-ақ аудандар мен облыс басшылығымен барлық кездесуі барысында  Сенаттағы және тиісті сала мамандары атқар­ған жұмыстар туралы егжей-тег­жейлі хабардар етті.

Сенат депутаты Ақмарал Әл­назарова Қызылорда облысына сапары барысында қатты тұр­мыстық қалдықтарды жинау полигонының жұмысымен және модульдік инфекциялық стационар құрылысының салыну барысымен танысты.

Белкөл кентінде болған кезде осы елді мекен аумағында орналасқан әрі аумағы 20 гектар болатын полигонның қор­шал­мағаны және санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіні атап өтілді. Сонымен қатар бұл полигон қоқыс сұрыптау кешенімен жабдықталмаған. Қызылорда әкімінің айтуынша, полигонды толық қалыпқа келтіру үшін рес­публикалық бюджеттен қар­жы бөлу қажет. Ақмарал Әлна­зарова қала тұрғындарының денсаулығына және өңірдің экологиясына зиян келтірмеу үшін осы бағытта бірлескен жұмысқа дайын екенін атап өтті.

Сенатор сондай-ақ 200 орын­дық модульді жұқпалы аурулар ауруханасының салыну ба­ры­сымен танысты. Қазіргі уа­қыт­­та құрылыс жұмыстары аяқ­­тал­ды, бірақ нысан әлі пай­да­ла­нуға берілмеген, себебі мем­ле­кет­тік сараптамадан өту тоқта­тыл­­ған. Ақмарал Әлназарова эпи­де­миялық ахуалдың шие­­ленісуі жағдайында бұл жұ­мыс­ты жеделдету қажеттігін атап өтті.

Сенатор Бекболат Орынбеков Жамбыл облысының аудандарына жасаған сапары барысында ауылдық сайлау учаскелерінде болды. Ол ауыл әкімдерін тікелей сайлау мен жергілікті орган­дар­дың дербестігін нығайтуға бағыт­талған және еліміз Президентінің бастамасымен әзірленген Сенат қабылдаған заңдар туралы ауыл тұрғындарына егжей-тегжейлі айтып берді. Сенатор осыған байланысты сайланған ауыл әкімдеріне зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

Бекболат Орынбеков сон­дай-ақ облыстың бірқатар әлеу­меттік нысанын аралады. Меркі ауданындағы жаңа спорт кешені­нің жұмысымен танысқан Сенат де­путаты мұндай нысандар бұ­қаралық спортты дамыту үшін ма­­­ңызды екенін атап өтті.

Сенатор Меркі және Талас аудандарындағы мектептерде болып, педагогтармен Мемлекет бас­шысының мектептерді дәс­түрлі оқыту жүйесіне қайтару жөнін­дегі тапсырмаларының орын­далу барысын талқылады. Білім ұйым­дарын қысқы жылыту мау­сымына дайындау қажеттігіне назар аударды.

Сенатор Талас аудандық орта­лық ауруханасында да болды. Дәрігерлер медициналық қыз­меткерлер түгелдей екпе алғанын хабарлап, аудан тұрғындарын вакциналау барысымен таныстырды.

Сенатор Тұрар Рысқұлов ауданына барған сапарында Қонаев және Әбілқайыр ауылдарына газ құ­бы­рын жеткізу жұмыс­тары­­ның барысын тексерді. Бек­бо­лат Орынбеков мердігер ұйым өкіл­дері­мен кездесуде атал­ған ауыл­дардың барлық тұрғы­нын қысқы жылыту маусымы бас­талғанға дейін табиғи газбен қам­тамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс депутаттары Ерлік Тай­жанов пен Дмитрий Коло­да Солтүстік Қазақстан облысын­дағы электр-техникалық жабдық­тар­ды өндіру зауытына барып, кәсіп­орын басшылығымен проб­ле­малық мәселелерді талқылады.

Бүгінде Петропавл электр-техникалық жабдық зауыты өз айналымын арттыруда. Бұған дейін осы бұрынғы шағын литражды қозғалтқыштар зауытының ғи­мараттары бос тұрған. Ал қазір мемлекеттің қолдауының және инвестор қаражаттарының ар­қа­сында цехтар жұмысын қайта бас­тайды. Құрылыс жұмыс­тары аяқ­талуға жақын, кәсіпорын ке­ле­сі жылдың басында толық қуа­тына шығады. Объектідегі реконст­рукциялау өндіріспен қатар жүргізілуде.

Бұл жоба Nur Otan партия­сының сайлауалды бағдар­лама­сында белгіленген болатын. Трансформаторлар мен өзге де электр техникасын өндіруге инвестиция ретінде 12 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның 8-ін қазақстандық Alageum Electric компаниясы салды. Шамамен 4 млрд теңгені мемлекеттік инвес­тициялар құрады. Қаражаттың көп бөлігі игерілген. Кәсіпорын жабдықтар сатып алып, 2020 жылдың мамыр айында басталған өндірістік үй-жайларды қайта жөндеуден өткізді. Осы жылдың соңына қарай зауытта 3 мыңға дейін трансформатор шығару жос­­парлануда. 

Қазір нысанда 140 адам жұмыс істейді. Осы жылдың соңына дейін мұнда 310 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Кәсіпорын директоры Мақсат Үсенбаевтың айтуынша, коронавирус індетіне байланысты құрылыс кезінде кадрлардың жетіспеушілігі басты проблемаға айналған. Осы мәселе зауыт толық іске қосылған кезде де туындауы мүмкін. Кадрлардың жетіспеушілігі өндіріске әсер етпеуі үшін қазір Жұмыспен қамту орталығымен өзара іс-қимыл жолға қойылған.

Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода кәсіпорын басшылығына аталған мәселені кадрларды қайта даярлау есебінен шешуге болатынын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар

Қош бол, Америка!

Әдебиет • Кеше

Смартфонға сыйған сауда

Технология • Кеше

Қарымды қаламгер

Руханият • Кеше

Халықаралық кездесулер

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар