Саясат • 27 Шілде, 2021

Бәсекелестік бәсі басым

605 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл сайлау бірауыздан бәсекелестікке толы болды деп айта аламын. Расы­мен, осы сайлауда өзін өзі ұсынған азаматтар да баршылық. Пар­тия­дан да үміткерлер саны жеткілікті. Тіпті басқа сайлауларға қатыспаған Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан да кандидаттар болды.

Бәсекелестік бәсі басым

2000 азамат өздері сайлауға қатысу­ға ұсыныс білдірді. Мұның қандай нәтиже екенін түсінесіз ғой. Мәселен, Қарағанды облысында 75 әкім сайлау керек болды. Олар 257 кандидаттың ішінен сайланды. Nur Otan  партиясынан 56 әкім, «Ауыл» партиясынан 3 әкім, «Ақ жол» партиясы мен Adal партиясынан 1 әкімнен сайланды. Бұл облыста өзін өзі ұсынған 178 азаматтың 14-і сайлан­ды.

Тағы бір ескеретін жайт, «Бар­лы­ғына қарсымын» деген дауыс аз болды. Құқық бұзу мен тәртіп бұзу да аз тіркелді. Бұл да қуантатын жайт.

Nur Otan партиясынан кандидат саны көп болды. Нәтижелері де басым болады деп ойлаймын. Шамамен 75 пайызға ие болуы мүмкін. Ал 25 па­йыз басқа партия өкілдері мен өзін өзі ұсынғандарға  тиесілі.

Бұрын болған жағдаймен салыс­тырсақ, бұл сайлау әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бір мәселе – Орталық сайлау комиссиясының ақ­паратты жинамауында. Бұл ортақ ақпарат болмауына алып келеді. Саясаттанушылар да, журналистер де өздеріне қажет ақпаратты ала алмайды. Әр облыс жеке ақпарат жинап, жеке статистика жасайды. Одан кейін мұның барлығын жинау керек. Былай қарасаңыз, барлық облыстың ақпаратын жинап отыру да оңай шаруа емес. Алдағы уақытта бұл олқылықтың орны толады деген үміттеміз.

 

Марат ШИБҰТОВ,

саясаттанушы