Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте Ресей мен Малайзияны басып озып, бір айдың ішінде 5 сатыға, ал бір жылда 15 сатыға көтеріліп, 80-орынға табан тіреді.

Бір жылда елдегі мобильді интернет жылдамдығы 42% артқан, деген ақпарат таратты Finprom.kz ресурсы. Мобильді интернеттің жылдамдығы 30,18 Мбит/с-қа жеткен. Былтырғы маусым айында бұл көрсеткіш 21,25 Мбит/с болатын, яғни жылдамдықтың артуы жылына 42%-ды құраған. Осылайша, интернет байланысының жылдамдығы төрт ай қатарынан қарқынды өскен.
Жалпы, ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстанға қарағанда жоғары. Рейтингте Малайзия, Египет, Үндістан, Венесуэла сияқты елдерде де мобильді интернеттің жылдамдығы Қазақстаннан төмен болып шыққан.
Жалпы, әлем бойынша мобильді интернеттің орташа жылдамдығы маусым айында 55,34 Мбит/с болған. Ең жылдам интернет БАӘ-да (193,51 Мбит/с), одан кейін Оңтүстік Кореяда (180,48 Мбит/с) және Қатар (171,76 Мбит/с) сияқты елдерде тіркелген. Ал рейтингтің ең төменгі сатысында Ауғанстан тұр, онда мобильді интернеттің қарқыны 7,37 Мбит/с екен.
Биылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда 24,2 млн абонент бар. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2%-ға артық. Оның ішінде 15,8 млн абоненттің интернеті бар. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда бірден 7%-ға көбейген. Ал әлемдік желілерге кіретін мүмкіндігі бар абоненттердің үлесі биылғы маусымда 65,3%-ға дейін артқан, былтыр осы уақытта бұл көрсеткіш 61,8% болған.
Бүгінде елімізде үш ұялы байланыс операторы бар. Олардың ішінде ең көп абоненті бар Beeline болып шыққан – 9,5 млн. Содан кейінгі орында Kcell/Activ (8,1 млн абонент) және үшінші Теле2/Altel (6,5 млн абонент).
2021 жылдың алғашқы 6 айында Beeline 1350 базалық станса салып, оған 120 елді мекенді қосқан. Сөйтіп ауылдық жердегі интернет-трафик былтырғымен салыстырғанда бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішпен өскен. Жалпы алғанда еліміз бойынша трафикті тұтыну көлемі 62%-ға артқаны байқалады.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар