13 Қаңтар, 2014

Конькиші Бабенко Азияның үш дүркін чемпионы атанды

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-01-14-babenko-1Қазақстан құрамасының лидері, конькиші Дмитрий Бабенко жапонның Томакомае қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында классикалық көпсайыстан құрлықтың үш дүркін чемпионы атанды. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

Құраманың үздік стайері 1500, 5 000 және 10 000 метрлік қашықтықтарға жүгіруде алдына жан салмады. Ол осылайша континенттің үш мәрте чемпионы болумен бірге алдағы наурыз айында Голландияның Херенвен қаласында өтетін әлемнің классикалық көп сайысы үшін жүргізілген аймақтық іріктеу жарысының да сынынан өтті.

Бұған қосатынымыз, Бабенко ақпан айында Сочиде өтетін Олимпиадада жоғарыда көрсетілген үш қашықтық бойынша да жарыс жолына шығады. Барлығы қазақстандық конькишілер қоржынында 12 лицензия бар.

Данияр Рахман.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар