Қостанай облысында кәмелетке толмаған қызды қорқытып, зорлаған бұрынғы полиция қызметкері жазаға тартылды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
Сот үкімімен Бақыт Қожабаев 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол Әулиекөл ауданы Аманқарағай кентінде учаскелік инспектор болып қызмет атқарған екен.
Б. Қожабаев өткен жылдың 4 шілдесінде қызмет барысында үлкендердің қарауынсыз жүрген екі қызды тірек бекетіне жеткізеді. Кейін кәмелетке толмаған қыздардың біреуін бөлек кабинетке кіргізіп, екіншісін күшпен зорлаған. 14 жасар қыздың ата-анасы дереу аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазады. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды. Соңғы сот отырысында 25 жастағы тәртіп сақшысы қылмыскер деп танылып, 10 жылға түрмеге отыруға жаза кесілді. Бұған қоса, жәбірленушіге 250 мың теңге көлемінде моральдық шығын төлейтін болды.
«Сот Бақыт Қожабаевты Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-бөлімінің «в» тармағына сәйкес, кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», - деді облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бейбіт Ұзақбаев.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «Астана» телеарнасы
Фото: Aktau - news.kz.