Мемлекеттік қызметке қабылданар алдында нашақорлық тестінен өту керек. Бұл сынақты тіпті студенттер мен оқушыларға да жүргізу қажет. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлімдеді. Оның себебі мынада екен. Қазір елімізде есірткі қолданатындар саны арнайы мамандардың мәліметінен әлдеқайда көп. Жалпы, олардың есебінше, елімізде 40 мың адам тіркеуде тұр. Оның 3 мыңы нәзік жандылар болса, 2 мыңға жуығы бұғанасы бекімеген жасөспірім.
Естеріңізде болса, 2009 жылы осы құзырлы органның бастамасымен астаналық студенттер мен оқушылар осындай тесттен өткен болатын. Оның қорытындысына сәйкес, жастардың 3 пайызы есірткі қолданатыны мәлім болды.
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы
Фото: Antinarkotiki.com.