Экономика • 27 Шілде, 2021

Ұлттық банк: Біз қазір инфляциялық болжамдарға емес, нақты фактіге назар аударамыз

229 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ұлттық Банктің Зерттеулер және талдама орталығы – департаментінің директоры Сәбит Хакимжанов базалық мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтеруге қатысты пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz. бас банк таратқан дерекке сілтеме жасап.

Ұлттық банк: Біз қазір инфляциялық болжамдарға емес, нақты фактіге назар аударамыз

ҰБ өкілі нақтылап өткендей,  соңғы үш жыл бойы айтып келген инфляциялық тәуекелдер енді қалыпқа келе бастағандай. «Біз қазір инфляцияның өсуі туралы күтуге емес, нақты фактіге назар аударамыз. Маусым айында бағалар біз күткеннен әлдеқайда жоғары болды.Сонымен қатар біз инфляциялық тәуекелдер мен белгісіздіктің өсуіне ден қоямыз. Егер оптимистік болжамдар инфляцияның мақсатқа жақындығын әлі де болжайтын болса, онда инфляциялық күтулердің оң жақтары ауқымды және ұзағырақ болды» дейді Сабит Хакимжанов.

Мұндай жағдайда, әрине, мөлшерлеменің көтерілетіні белгілі нәрсе. Қазіргі жағдайдың қисынын, одан қалды, біздің бұдан бұрын айтқанымызды ескере отырып, әсіресе коммуникацияларда мөлшерлемені сақтау жөніндегі маусымдағы шешімнен кейін мөлшерлемені көтеру туралы шешім – нарықта ешкімді де таңқалдыра қоймады.

«Нарықта болашаққа арналған мөлшерлеме туралы, мөлшерлеме бойынша шешімдердің артында қандай факторлар тұрғаны туралы түсінік болуы, инфляцияның көптеген себептерін және инфляцияның себебіне байланысты пайыздық мөлшерлеме саясатының пәрменділігін түсіну қажет деп санаймын.

Мемлекеттік шығыстардың өсуінен бастайық. Бұл ең маңызды фактор, өйткені ол макро саясаттың құралы болып табылады және орта мерзімді инфляциялық аяны анықтайды. Бұл фактор үй шаруашылықтарының сұранысын тікелей трансферттер мен мемлекеттік қызметшілердің жалақысы арқылы, жанама түрде мемлекеттік сатып алулар арқылы және кең ауқымды тұтынушыларды қамтитын ақша және тауар айналымының циклі арқылы қалыптастырады. Инфляцияны тежеу үшін мемлекеттік шығыстар тәртібін қамтамасыз ету маңызды» дейді ҰБ өкілі.  

Осыған байланысты пайыздық мөлшерлеме әлсіз және жанама құрал болып табылатынын сарапшылар осыған дейін айтқан болатын.  Мөлшерлеменің көтерілуі аяға қатысты инфляцияның төмендеуіне әкеледі деп күтудің қажеті жоқ. Біздің алдымызда нақты мақсат тұр, ол – фискальды саясат аясында инфляцияның дүрлікпе үдеуі мен бағамдық күтулердің соңынан «зымырау» қаупін төмендету үшін монетарлық тәртіпті қамтамасыз ету. 

«Қазір нақты инфляцияда бұл компонент жоқ, бірақ тәуекел бар. Бүгінде біз тауар нарығындағы бағаларда байқап отырғанымыз экономиканың жинақталған бағалық ауытқуларға және теңгерімсіздіктерге айтарлықтай дәрежеде еріксіз және қажетті ыңғайлануы болып табылады. Осы факторлардың барлығы ұсыныс жағында. Бүгін мен үшеуін бөліп көрсетер едім» дейді ҰБ өкілі.

Сарапшы нақтылап өткендей, оның алғашқысы  – айырбастау бағамының импорттық бағаларға әсер ету тәуекелі. Ол әрқашан болған, бүгін де бар. Мөлшерлеменің көтерілуі валюта нарығындағы тәуекелдер мен кірістілік арасындағы орналасу теңгерімін теңгенің пайдасына аздап өзгертеді, бірақ теңгеге қарсы алыпсатарлық тиімсіз болуы үшін бізге нарыққа одан әрі көтеруге дайын екенімізді білдіретін белгі беру маңызды. Алайда, бағамды мөлшерлеме арқылы басқаруға тырысу дұрыс болмас еді.

«Біз бұдан өткенбіз. Екінші фактор – коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсу қаупі. Ол біздің нарықта бұрыннан бар, бүгін де бар. Егер монополистердің тарифтері төмен болса, онда жабдық тозады, коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігі төмендейді. Мұндай жасырын инфляция экономиканың дамуы үшін де, тұтынушы үшін де ашық инфляциядан әлдеқайда нашар. Сондықтан тарифтердің өсуі салыстырмалы бағаларды неғұрлым тұрақты күйге келтіру қажеттілігінен туындаса, ақша-кредит саясаты ден қоюға тиіс фактор емес» дейді сарапшы.

Ұлттық банк өкілі  үшінші фактор ретінде отандық көкөністер, ауылшаруашылық өнімдері мен май бағасының өсуін айтты. . Мұнда, әрине, ұсыныс пен сұраныс факторлары аралас болады. Бірақ көкөністердің жазғы бағасы, әдетте, маусымдық молшылықты, көбінесе отандық өнімдер молшылығын көрсетеді. Маусымдағы азық-түлік бағасының өсуі бағаның бастапқыда егістікте, содан кейін сауда сөрелерінде өскенін көрсетеді. Сұйық майдың қымбаттауы – бұл импорттық бағаның өсуі, яғни ұсыныс факторы.

«Міндет – мөлшерлеменің көмегімен салыстырмалы бағаны реттеудің нарықтық процестерін баяулату немесе тежеу емес. Ақша-кредит саясатының құралдары экономикаға бірден емес, ұзақ уақыттан кейін және өзгермелі ауытқумен әсер ететінін білуіміз керек.

Монетарлық тәртіп тиімді және сенімді болу үшін радикалды және болжанбайтын бола алмайды. Кредиттік талаптардың тұрақтылығы мен болжамдылығы әлдеқайда маңызды» деп сөзін түйіндеді Сәбит Хакимжанов.