13 Қаңтар, 2014

Сирияда содырлар католиктер шіркеуінің метрополитін ұрлап әкетті

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 01 - Siriya sodirlar

Сирияның Маалюля қаласында «Аль-Каидамен» байланысы бар «Джебхат ан-Нусра» тобының содырлары католиктер шіркеуінің метрополитін ұрлап әкетті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Аль-Маядин» телеарнасының ақпары бойынша, террористердің қолында тағы 13 монахиня мен әйелдер монастырының басшысы, сондай-ақ екі дін қызметшісі бар екен. Оның үстіне, сәуір айында содырлар тұтқынға алынған Юханн Ибрагим мен Павел Язиджи есімді екі метрополиттің жағдайы әлі күнге дейін белгісіз болып отыр.

Бір айдан астам уақыт бұрын «Аль-Жазира» телеарнасынан 48 сағаттан кейін  монахинялардың босатылатыны айтылған бейнежазба көрсетілген еді. Алайда, кейіннен өзін Моханнад Абу Фида деп таныстырған экстремистік топтың қолбасшысы «Аш-Шарк аль-Аусат» газетіне «Сирия билігі қойылған талаптарды орындамайынша, әйелдер тұтқында қала береді», деп мәлімдеді.

Содырлардың ең басты талабы бүлікшілердің отбасы мүшелерін түрмеден босату болып отыр. Сондай-ақ Сириядағы қарулы топтардың жетекшілері биліктен Ябруда мен Маалюля қалаларындағы қоршауларды алдырып тастауды талап етуде.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com  

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар