Қазақстан нарығындағы тамақ өнімі түбегейлі өзгерді – алғаш рет “3 желания” маркасы өнімдердің жаңа желісін–хош иісті және қаныққан дайын тұздықтарды шығаруда.
Сөлді кәуап, қабығы қытырлаған тауық еті, хош иісті итальян пастасы, ірімшік молынан құйылған пицца, фольгаға оралып пісірілген балық – бір ғана суреттеуден-ақ тәбетіңіз ашылады. Егер күнделікті тағамдардың әрбіріне дәмдеуіштер, дәмқосарлар, көкөністер әрі аскөк қосылған жақсы көретін тұздық құйылғанын елестетер болсақ, кез келген тамақ талғағыштың “аузынан суы ағады”.
Ерекше тұздық әзірлеуге көптеген қазақстандықтардың уақыты да, күштері де жетпейді. Көңіліңіз қалап тұрған таңдаулы ас күн сайын арман болып қала береді.
“Тұздық әзірлеу – үлкен ғылым әрі өнер”, - дейді әрбір аспаз. Бұл орынды айтылған сөз. Тек жаңа піскен әрі сапалы өнім, дәмдеуіштер мен дәм беретін қоспалар, аскөк және көкөністер қажет. Сондай-ақ, бармағынан бал тамған қолдар мен технологтардың қиялы керек. Дейтұрғанмен, барлық элементтердің дәмі мен пайдасын сақтап қалатын заманауи жабдықтардың көмегін пайдаланбау мүмкін емес. Осы уақытқа дейін республикамыздың ешбір өндірушісі осының барлығын тұтынушының пайдасы үшін қолданған емес.
Біз сүйсініп жейтін “3 желания” майонездері мен кетчуптарын өндіруші – “Евразиан Фудс Корпорэйшн” (“ЕФК”) компаниясы ғана осы қателіктің орнын толтыра білді.
“ЕФК” зауыты шетелден әкелінген ең жаңа жабдықтармен жабдықталған, барлық өндірістік үдерістер халықаралық сапа және ІSO (HACCP) өнім қауіпсіздігі стандартына сәйкес келеді, ал “3 желания” өнімдері консерванттар мен эмульгаторлар басым заманда Халал және ЭКО стандарты бойынша сертификатталған.
Біздің дүкендерге ұзақ жолдан келетін шетел тұздықтарының дәуірі аяқталды. Қазақстандық сатып алушылар өндіруші-зауыттан тікелей әкелінетін жаңа өнімді пайдаланып, “3 желания” тұздығының тек дәмді ғана емес, әрі пайдалы екеніне сенімді бола алады. Тұздық ет, көкөніс, салат және басқа да таңдаулы тамақтардың барлығына үйлесімді дәм береді.
Бас қосып бастаңғыға шыққанда немесе үйде, кәуап және басқа да ет тағамдарын дайындағанда “3 желания - К шашлыку” тұздығы көмекке келеді. Қызанақ, пияз, кориандр, аскөк, паприка, бұрыш және сарымсақ теңдессіз дәм беріп, сіздің қажетіңізге жарайды. Кез келген аспаз дәл осындай үйлесімнің мейлі ол кәуап болсын, қақтама тауық немесе барбекю-ет болсын ет тағамдарының барлығына да тіл үйірер дәм береріне сөзсіз келісері анық.
Енді қазақстандық үй бикелер мен аспаздар итальян асханасын ұнататындарды оңайлықпен-ақ бағындыра алады. “3 желания - К спагетти” және “3 желания - Сырный с чесноком” тұздығы кез келген итальян тағамына қосымша ерекше дәм береді. Итальяндықтар жақсы тұздықтар мен ерекше араласқан дәмдердің парқын жақсы біледі, сол себепті олар “3 желания – К спагетти” орауышындағы қара өрік хош иісінің көкөністермен, дәмдеуіштермен және хош иісті шөптермен қандай шеберлікпен үйлескеніне таң қалады. Ал екі ең танымал Пармезан және Чеддер ірімшіктерінің сарымсақ және хош иісті шөптер қосылған бір соустың құрамында шеберлікпен араластырылғанын көрген әрбір аспаз қызықпай қоймас.
“3 желания - Чесночный” тұздығы балық, бризоль қуырылған баклажан тағамдары табынушыларының көңілінен шығары сөзсіз. Пияз және сарымсақ тілімдері, розмарин, аскөк тимьян қосылған татымды тұздық балық және көкөніс тағамдарының жаңа қырын ашады. Славян асханасын ұнататындарға “3 желания - Грибной” дәмді тұздығынсыз елестету мүмкін емес. Қозықұйрық пен пияз тілімдері хош иісті қара бұрышпен үйлестірілген тұздық сізге нағыз ләззат береді. “Грибной” тұздығын түшпара және вареник, құймақ және голубцы тағамдарына қосуға болады.
Қазақстандық тұздықтардан әрбір адам өзіне қажеттісін таба алады, тек асханадағы қиялыңызға шек қоймаңыз. Күн сайын дастарқаныңыздың мол әрі алуан түрлі болуын қалайсыз ба? – Бұл оп-оңай! Тағаммен бірге кез келген “3 желания” тұздығын ұсынсаңыз болғаны.