13 Қаңтар, 2014

Ақтөбеден қыран балапанын әкетпек болған шетелдік сотталды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 01-AktobeАқтөбе облысынан қыран құстың екі балапанын әкетпек болған шетел азаматына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Өткен жылдың жазында шетел азаматын Байғанин ауданында «Охотзоопром» инспекторлары ұстаған болатын. Сол кезде ол Қызыл кітапқа енген қыран құс балапандарын белгісіз бір азаматтан сатып алғанын айтыпты. Мамандардың айтуынша, бұл айыпкер қоршаған ортаға 2,5 млн. теңге залал келтірген.

Жалпы, республиканың жекелеген өңірлерінде бұған дейін де бағалы құстарды шетел асырғысы келген факті тіркелген еді. Осыған орай табиғат қорғаушылар оларға қолданатын жаза түрін ширату қажеттігін алға тартады. Бұл жерде мәселе оларға қолданатын айыппұлға қатысты болып тұр.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: «24 kz».

Соңғы жаңалықтар