13 Қаңтар, 2014

Қызылордаға жаңа автобустар жеткізілді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-01-14-kyzylorda-avtobus-1Бүгін, Қызылорда қаласына Қытайдан 20 жаңа автобус жеткзілді. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.

 Игілікті бастама өткен жылы облыс әкімдігі, «Байқоңыр» ӘКК және Еуропалық қайта құру даму банкі арасында жүргізілген үшжақты меморандум негізінде іске асырылып отыр. Жалпы, жоғарыда аталған автобустарды сатып алуға Еуропалық қайта құру және даму банкінен 18,8 млн. доллар бөлінген екен. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәменнің мәлімдеуінше, жаңа автобустар газбен жүреді және мүгедектердің қатынауына ыңғайлы.

Алдағы мерзімде тағы 100 автобус әкелінетін көрінеді. Сондай-ақ жаңа автобус паркін салу жоспарлануда. Келесі айтпағымыз, көлік жүргізушілері мен кондукторларға арнайы киім алынып, қауіпсіздік мәселесіне мұқият болу керекітігі алдын ала ескертілген.

Осыған дейін жолаушылар қызметінде түйінді түйіткілдің туындағаны рас. Соның бірі – мүгедектердің мініп-түсуіне қолайлы жағдай жасалмаған болатын. Енді, міне, үш жақты меморандум негізінде күрмеулі мәселенің тіні жақын арада тарқатылғалы отыр.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Ras.kz

Фото: Ras.kz.

Соңғы жаңалықтар