Елорда • 27 Шілде, 2021

Елорданың жабық базарлары Ashyq жобасына қосылады

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы жабық сауда орындары өзге кәсіпкерлік нысандары секілді Ashyq жобасына қосылады. Бұл коронавирустың таралу қаупін азайтуға, қызметкерлер мен келушілерді қорғауға және нысанның қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елорданың жабық базарлары Ashyq жобасына қосылады

Жобаға қосылғандар қатарында «Әсем», «Әлем» сауда орталықтары, «Эталон» құрылыс базары бар. «Шапағат», «Сарыарқа» және өзге де сауда орындары жоба жұмысына қосылуға дайындық үстінде.

Бүгінде елордада Ashyq жобасына 2 200-ден астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Жобаға қатысатын кәсіпкерлер қатысу шарттарын сақтауы тиіс: статусын анықтағаннан кейін ғана келушілерді ішке жіберуі тиіс. Ал мониторинг топтары нысандардың санитарлық нормаларды және шектеу шараларын сақтағанын жүйелі түрде тексеріп тұрады.

Сонымен қатар, Ashyq жобасының арқасында 18 тұрғын «қызыл статусы» бола тұра қоғамдық орындарға баруға тырысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, кәсіпкерлер Ashyq жобасының маңыздылығын атап өтті.