14 Қаңтар, 2014

Сенім грамотасын тапсырды

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нью-Йоркте Қазақстан Респуб­ли­касының Біріккен Ұлттар Ұйы­мы жанындағы Тұрақты өкілі Қай­рат Әбдірахманов Біріккен Ұлт­тар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунға Сенім грамотасын тап­сырды.

Нью-Йоркте Қазақстан Респуб­ли­касының Біріккен Ұлттар Ұйы­мы жанындағы Тұрақты өкілі Қай­рат Әбдірахманов Біріккен Ұлт­тар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунға Сенім грамотасын тап­сырды.

Кездесу барысында әңгімелесуші тараптар жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, БҰҰ-ның халықаралық мәселелерді шешудегі рөлі және Қазақстанның осы үдеріске қосып жатқан үлесін талқылады.

Қ.Әбдірахманов Қазақстанның БҰҰ-мен кедейлікті жою, әйелдердің рөлін нығайту және олардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, климаттың өзгеруі, жаппай қырып-жою қаруын таратпау сияқты Бас хатшы тарапынан белгіленген мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін білдірді.

Біздің еліміз Тұрақты даму мақ­сат­тарын және Мыңжылдықтың даму мақ­­саттарын әзірлеуге белсене қаты­суда. Қазақстан Мыңжылдықтың даму мақсаттарының орындалуы туралы халықаралық қоғамдастық алдында алғашқы болып есеп берді. Атап айтқанда, кедейлікті азайту, бастауыш білім алу мен орта білім саласындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу.

Ядролық қаруды таратпау және энер­ге­тикалық, су, азық-түлік қауіпсіздігі мәсе­лелері Қазақстанның жүзеге асырып жатқан 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қау­іпсіздік кеңесінің тұрақсыз мү­ше орнына сайлану науқанының күн тәрті­бінде тұр.

Қазақстан БҰҰ-ның әртүрлі ор­ган­дарының жұмыстарына белсене қаты­сып, 2014 жылдан бастап БҰҰ экономика мен әлеуметтік кеңесінің, есірткі заттары жөніндегі комиссияның, БҰҰ Үйлестіру кеңесінің ВИЧ/СПИД бағдарламасының және ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы комитетінің мүшесі болып табылады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар