14 Қаңтар, 2014

Дарынды бала

660 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

қарымды маман болады, бірақ талапкерлерді алаламай,

психологиясына баса назар аудару керек

Бірде, бұдан жиырма жыл бұрын болу керек, Өскемендегі алғаш ашылып жатқан қазақ тілін­де оқытатын №3 мектеп директоры Есім Әкілбаев бауырым: «Апай, мектепте «Дарын» орталығын ашсам деген ойым бар, сол орталық арқылы оқушыларды ғылыми ізденіске баулығым келеді», деп ақылдасқан еді. «Есім, айналайын, өте дұрыс екен бұл ойың, ең алдымен ғылыми еңбектерді басшылыққа алыңдар, дарынды баланы, дарындылықты анықтау, оларды қолдау мәселесі оңай емес.

қарымды маман болады, бірақ талапкерлерді алаламай,

психологиясына баса назар аудару керек

Бірдебұдан жиырма жыл бұрын болу керекӨскемендегі алғаш ашылып жатқан қазақ тілін­де оқытатын №3 мектеп директоры Есім Әкілбаев бауырым: «Апаймектепте «Дарын» орталығын ашсам деген ойым барсол орталық арқылы оқушыларды ғылыми ізденіске баулығым келеді», деп ақылдасқан еді«Есім, айналайын, өте дұрыс екен бұл ойың, ең алдымен ғылыми еңбектерді басшылыққа алыңдар, дарынды баланы, дарындылықты анықтау, оларды қолдау мәселесі оңай емес.

Ең алдымен, ізденіс, зерттеу жұмыстарынан бастаңдар, ұжы­мың дайын ба? Сонан соң бала­лардың психологиясына назар аударыңдар. Бала емес пе, «Сен дарындысың», «Сен дарын­сызсың» деген жіктеуден аулақ, сақ болыңдар», деген пікір айттым. Есім жұмысын өзі бастап, ұжымы қостап, ғылыми ізденіспен жұмыс істей бастады. Алғашқы жемісінің дәмін де татты. Қазір көп салалы гимназия мәртебесін алған бұл оқу орнының қомақты жетістіктері Отанымызға кеңінен таныс. Көп ұзамай, Республикалық ғылыми практикалық «Дарын» орталығы құрылды. Ол қанатын кең жайып, 1999 жылы Өскеменде де облыс әкімінің қолдауымен өңірлік «Дарын» орталығы жұмысын жүргізе бастады. «Дарынның» өмірге келуі барлық мектептер мен оның ұстаздарына ерекше қозғау салды. Дарынды анықтау, оны дамыту, инновациялық технологиядан іздену сынды аса маңызды мәселелер айналасында өнімді, қызу еңбек басталды. Ғылыми-әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстел басындағы отырулар үзіліссіз өтіп жатты.

Еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыру, тәрбие­леудегі «Дарынның» аса маңыз­ды рөліне ешкім дауласа қоймас. Оның ғылыми түрде ұйым­дастырып отырған жүйелі жұмысы барлық оқу орнын қамтып келеді. Балабақшадан мектеп, колледж, жоғары оқу орындарындағы үйлестірілген жұмыстар нәтижеге жетеледі. Облысымызда дарын­ды балаларға арналған 12 мектептің ішінде ауыл балаларына арналған екі мектеп-интернат та бар. Сондай-ақ, бірнеше аудандарда «Дарын» орталығы жемісті жұмысын жүргізуде. Бұл мысалдар «Дарынның» қарқынды қадамдарын сөзсіз дәлелдейді.

«Дарын» оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де бағын ашты. Ол ғылыми, шығармашылық ізденіске, репродуктивтік деңгей­ден, зерттеушілік деңгейге жетелеп, эксперименттік жұмыстарға бастау берді, авторлық бағдар­ла­малар, оқу құралдарын және ғы­лыми жобалар жазуға жол ашты. «Дарын» бүкіл білім беру жүйесіне түбірлі ықпал, жаңа тыныс әкелді.

«Дарын», әсіресе, ауыл балаларына сәулелі жол ашты. Оған өзім еңбек етіп жүрген Жамбыл атындағы мектеп оқушыларының облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларындағы табысын мысалға келтіруге болады:

Еліміздің ең шет аймағы деп саналатын Тарбағатай өңірінің тумасы, интернат түлегі Меделбек Руслан қазір Францияда магис­тратурада оқып жүр. Ағылшын тілімен қоса, француз тілін де жетік меңгеруде. Ол республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері болған еді.

«Дарын» орталықтарының ашылуы қажеттіліктерді де ту­ғыз­ды, әсіресе, оқушылардың өз бетімен ғылыми ізденіс, зерттеу жұмыстарымен айналысуы үшін әдістемелік құралдар жазу керек болды. Осы кезде мен де қаламымды жаңа бағыт, жаңа арнаға бұрдым. Республикалық «Дарын» орталығының сол кездегі басшысы Ділдаш Битуованың ұсынысымен «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу» атты көлемді еңбек жаздым. Бірінші бөлім үнемі балалардың алдында жататын бағдаршамдай рөл атқаратын «Оқулық дәптерге» арналды, екінші бөлімде ақын-жазушылар еңбегіне негізделген, ғылыми-жоба тақырыптары ұсынылды. Сондай-ақ, дарынды баланы кім жетектейді, әрине дарынды ұстаз. Қазір білім беру жүйесінің алдында жаңа формация – мұғалімін қалыптастыру мақсаты тұр. 2009 жылы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен менің атаулы зертханам салтанатты түрде ашылған болатын. Қазір ол Астананың №64 мектебінде, облысымыздың 8 білім ұясында жұмыс істеп жатыр.

Облысымыздағы өңірлік «Да­рынның» қол жеткізген кейбір жетістіктеріне көңіл қойып кө­ре­лік: жасөспірімдер арасындағы Теһ­ранда өткен Халықаралық жаратылыстану олимпиадасында 1 қола медальға қол жетсе, Ө.Жол­дасбеков атындағы математи­ка­дан оқушылардың зерттеу жұмыс­та­ры­ның халықаралық кон­кур­сын­­да 8 жүлдені иеленіп, бірін­ші, екін­ші орындарға шықты. Ха­­лық­аралық О.Жәутіков олим­пиа­дасы 1 қола медальді сыйласа, «Ком­пьютерлік физикадан» ха­лық­аралық олимпиадада бірін­­ші, екін­ші, үшінші орындарға көте­рілді.

Тағы да дәлелдерге жүгінейік. Енді Республикалық «Дарын» орталығының жетістіктеріне үңілейік. 2012 жылы Қазақстан оқушылары пәндік халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 161 алтын, 295 күміс, 397 қола медаль, ал 2013 жылдың тоғыз айында 178 алтын, 286 күміс, 423 қола медаль алды.

Қазақстанның құрама коман­дасы 2013 жылдың 6-13 маусымы аралығында Брисбен қала­сында информатикадан өткен 25 ха­лықаралық олимпиадаға қатысып қола медалінің иегері атанды.

Отандық құрама команда 2013 жылдың 14-20 шілдесі аралығында Брен қаласында өткен биологиядан 24-ші халықаралық олимпиа­дада 1 күміс, 1 қола медальмен марапатталды.

Ал химия пәні бойынша Мәс­кеу қаласында өткен 45-ші халық­аралық олимпиадада Қазақстан құрама командасы 2 алтын, 2 қола медальдің жүлдегерлері атанды. Санамалап айту әрине, оңай. Осы жоғарыдағы жетістіктердің астында қаншама тер, төгілген еңбек, жанталасқан ізденіс жатыр десеңізші?!

Еңбек жолыма 45 жыл толып отырған менің де, жоғарыда жазғанымдай, тыныс-тіршілігім «Дарынмен» астасып кеткен. Республикалық, халықаралық олимпиадаларда қаншама шебер­лік сыныптар өткіздім, дәріс­тер оқыдым. Балаларды олим­пиадаларға, жоба қорғауға дайындадым. Ол енді бөлек әңгіме.

Қанипа БІТІБАЕВА,

«Құрмет» орденінің иегері,

Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген мұғалімі,

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор.

Соңғы жаңалықтар