Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапханада көзі тірі классик жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылығына арналған халықаралық онлайн конференция мен жазушы атындағы залдың ашылу салтанаты қатар өтті.

Алдымен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет және «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов арнайы лентаны қиып, жазушы атындағы залды ресми ашқан соң, конференцияға қатысушылар мен қонақтар залға өтіп, ішкі көрінісін тамашалады. Ұлттық академиялық кітапхананың ішіндегі заманауи талаптармен безендірілген залдың қабырғасына қаламгердің өзі, отбасы, ортасы, дос-жарандары бейнеленген суреттер, портреттер ілініпті. Жазушының әйгілі «Қан мен тер» романына жасалған көркем стенд те қабырғадан орын алған. Шыныдан жасалған ішкі бөлменің кітап сөрелерінде жазушының әр жылдары баспа бетін көрген кітаптары тұр.
«Ә.Нұрпейісов шығармашылығы және әлемдік әдеби үдеріс» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференция жазушы атындағы залда өтті. Атап өтерлік жайт – жүзге жақындаған көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов Нұр-Сұлтанда өткен айтулы іс-шараға онлайн қатысты. Сондай-ақ Мырзатай Жолдасбеков, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Акбар Мәжитұлы қатарлы отандық және шетелдік қаламгерлер де конференцияға онлайн қатысып, пікірлерін білдірді.
Конференцияда Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ірі суреткердің шығармашылығы, атап айтқанда, «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары қазақ әдебиетінің табысы екенін баяндап, кезінде осы шығармалары үшін алған марапаттарын да көпшіліктің есіне салды. «Қан мен тер» романының негізінде кино түсірілгенін, дәл сол шығарманың Арал өңіріне әлемнің назарын аудартқан ерекше туынды болғанын айтты. Ол сондай-ақ қаламгер атындағы оқу залын ашу барысында жетекшілік жасаған ғалым Мырзатай Жолдасбековке, қаржылай қолдау көрсеткен Исламбек Салжановқа және Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаеваға алғысын жеткізді.
Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет қаламгердің әр сөзінің салмағы қорғасындай ауыр екенін, сексеуілдің тамырындай тереңнен тамыр тартып, оқиғалары иіріміне тартып әкететінін, оның әр кейіпкері оқырманмен тірі адамдай кездесетінін айтты. Оның шығармаларын тек өз елімізде емес, алыс-жақын шет елдерде қаншама буын ұрпақтың оқып тәлім алғанын жеткізген ақын Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармаларының өзегінде тарих алдындағы жауапкершілік, ұлт мүддесіне адалдық, ел мен жер тағдыры үшін күрес бар екенін баяндады. Оның өз шығармаларын өзі жетпіс жылдан бері түзеп-күзеп келе жатқан аса талғампаз стилист екенін де атап өтіп, бұл тұрғыда үлкен қаламгерден үйренетін ерекше үлгінің бірі сол екенін де жеткізді.
Жиында басқа да қонақтар Әбдіжәміл Нұрпейісов шығармашылығына қатысты пікірлерін бөлісіп, оның шығармашылығының ерекшелігін әңгіме арқауына айналдырды. Олардың қатарында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әлібек Асқаров, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов. Қазақстан Республикасының Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің басшысы Константин Воробьев, «Либерти» баспасының негізін қалаушы Илья Левков, белгілі Ресей жазушы, аудармашы Анатолий Ким болды.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар