Әлем • 29 Шілде, 2021

Сиднейде карантин жалғасады

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалада індет жұқтырғандар саны артуына байланысты Сиднейдегі карантин тағы бір айға созылды.

Сиднейде карантин жалғасады

Маусымның аяғынан бастап Аустра­лия­ның ең үлкен қаласы дельта штамына байланысты қатаң локдаунда отыр. Биыл Сиднейдегі ең күрделі кезеңде 2500-ден астам адам вирус жұқтырды. Премьер-министр Глэдис Бережиклян каран­тиннің жоспарланғандай, жұмада аяқтал­майтынын мәлімдеді. Қайта қа­уіп­сіздік шаралары қатаңдай түсті. Енді дүкенге бару үшін 10 км-ден артық жүруге болмайды.

Виктория мен Оңтүстік Аустралия аймағы сәрсенбіде індет жұқтырғандар саны азайғаннан кейін карантиннен шықты. Алайда Сидней үшін бұл мүмкін болмай тұр. Қаланың бес миллион тұрғыны осыған дейін қалыпты өмір салтын жүргізген еді.

Пандемия кезінде Аустралия шекарасын жауып, келген жолаушыларды карантинде ұстап, індеттің өршуіне жол бермеген. Алайда вирустың жаңа штамы тараған кезде штат басшылары індетпен күресу үшін қатаң шараларды бірден енгізуге мәжбүр болды.

Сарапшылар Сиднейдегі шектеулер қыркүйекке дейін немесе одан әрі де жалғасуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Ел билігі науқастар саны нөлге жақындағанда ғана қайта ашы­ламыз дейді. Мұндай еркіндікті шектейтін шараларға қарсы болған бірнеше мың адам демалыс күндері Сидней, Мельбурн және бас­қа қалаларда наразылық шерулерін өт­кізді.